«Киік» акциясы нәтижесінде 17 қылмыстық іс қозғалды

13 Қаңтар 2021, 16:31
1455
Бөлісу:
«Киік» акциясы нәтижесінде 17 қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 2020 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында «Киік» кең ауқымды табиғат қорғау акциясы өткізілді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторлар құрамы «Киік» кең ауқымды акциясын жүргізу кезінде 17 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 14 киік дериваттарын заңсыз қолдану бойынша және 3 сирек кездесетін жануарлар (арқар, қарақұйрық) түрінің заңсыз аулануы бойынша іс тіркелді, - делінген хабарламада. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес, «Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалануға» 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы