Киевте белгісіз адам банк бөлімшесін басып алды

3 Тамыз 2020, 18:16
1524
Бөлісу:
Киевте белгісіз адам банк бөлімшесін басып алды
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін сағат 12:00 шамасында ер адам Киевтегі "Леонардо" бизнес орталығы ішіндегі банкке кіріп сөмкесінде бомба бар екенін хабарлаған. 

Алайда, ол қызметкерлердің барлығын шығарып жіберген, тек бөлімше басшысы өз қалауымен қалған.

WhatsApp Image 2020-08-03 at 17.54.50.jpeg

Банк бөлімшесін жаратынын мәлімдеген ер адам телеарна арқылы сөйлеуге мүмкіндік беріңдер деген талап қоюда. Бұл мәліметті ІІМ орынбасары Антон Геращенко растады. 

Полиция ол жерді қоршауға алды. Қазір қылмыскермен келіссөз жүріп жатыр. Біз оның берілгенін талап етудеміз. Ол өзіне бұқаралық ақпарат құралдарын жіберуін өтініп отыр. Бұл да Луцк қаласындағы жағдайға ұқсап барады. Дегенмен, біз оның қолында расымен бомба бар жоғын білмейміз. Луцк қаласындағы адамның қолында расымен қару бар болған, - дейді Геращенко Украина 24 телеарнасына берген сұхбатында. 

Perepichka News арнасы басшылықтың рұқсатымен журналистерді қоршаудан өткізгенін мәлімдеді.

Кейін ІІМ орынбасары Антон Геращенко банк бөлімшесін басып алған Өзбекстан азаматы екенін және психикалық ауытқуы болуы мүмкін дегенді мәлімдеді. 

Террористің бет әлпетін анықтау барысында ол 25.03.1988 жылы туған Каримов Сухроб Рахманович екені анықталды. Оның әлеуметтік желідегі жазбаларына қарайтын болсақ, психикалық ауытқушылығы бар сияқты. Әзірге оның қандай ниеті барын білмейміз. Сондықтан онымен келіссөз жүргізіп жатырмыз, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы