Өскеменде Рыпакова атындағы V халықаралық турнир өтеді

15 Қаңтар 2019, 22:50
3453
Бөлісу:
Өскеменде Рыпакова атындағы V халықаралық турнир өтеді

Өскемен, BAQ.KZ. Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін V Халықаралық турнир өтеді. Осыған орай 10 елдің спортшылары Өскеменге ат басын бұрады.

Жарыс 19 қаңтар күні Олимпиада чемпионы атындағы жеңіл атлетика орталығында жалауын көтереді. Бұл жылы ел саңлақтарымен бірге Тәжікстан, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Түркия, Армения, Әзірбайжан және Беларусь құрамаларының мықтылары сынға түспек.

"Бұл турнир – жас спортшылардың шыңдалар ортасы, жаңа рекордтар жасауға берілген мүмкіндік, сондай-ақ үлкен спорт мейрамы", – дейді О.Рыпакова.

Өзгелердің жаңалығы