Халық үшін жұмыс істеңдер – Назарбаев Үкімет отырысын қорытындылады

30 Қаңтар 2019, 15:46
3403
Бөлісу:
Халық үшін жұмыс істеңдер – Назарбаев Үкімет отырысын қорытындылады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын қорытындылады.


«Барлықтарыңды мен таңдап отырып тағайындадым. Әкімдерді де, сендерді де. Сендер басқа мемлекеттік қызметкерлерді тағайындадыңдар. Сондықтан біздің бір-біріміздің алдымыздағы жауапкершілігіміз бірдей. Әрқайсысыңда қандай потенциал, білім, тәжірибе барын білемін. Бүгінгі үкімет қандай мақсат болса да, істей алады, қолынан келеді. Бірақ өзін-өзі қамшылап, жұмыс істеткізу керек. Күндіз-түні жұмысты ойлау керек», - деді ҚР президенті.

Назарбаев үкіметке сенім артатынын жеткізді.

«Қазақта «айтқанның аузы жаман, жылағанның көзі жаман» деген сөз бар. Мен сендерді ренжітейін деп сұрап отырған жоқпын, сендерге сенгеннен кейін осының бәрін айтып отырмын. Жұмыс қолдарыңнан келеді. Ертең «істедік» деп маған есеп береді деп сенемін. Сондықтан бүгінгі айтылған мәселелердің барлығы маңызды. Үкімет пен әкімдер бірігіп, халықтың мақсаты үшін жұмыс істеп, табысын көтеріп, әл-ауқатын жақсартуы керек. Қай өңірде халықтың жалақысы, жағдайы өсіп жатыр, сол өңір жақсы. Осындай критерий қою керек. Ол үшін стратегиялық, мемлекеттік бағдарламалар, әсіресе, Ұлт жоспары, жолдаулар мен басқа да міндеттер сапалы әрі тиімді орындалуы үкіметтің басты міндеті болуы керек. Барлығы бар. Білімдерің, жігерлерің, бағдар бар, оны орындайтын ресурстар да бар. Сондықтан бірігіп жұмыс істеп, табысқа жетейік. Ісіміз сәтті болсын», - деп қорытындылады ол.
Назерке АБИБУЛЛА
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы