Кезекші сыныптардағы 16 баладан коронавирус тіркелді

25 Қыркүйек 2020, 17:01
1871
Бөлісу:
Кезекші сыныптардағы 16 баладан коронавирус тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов «ҚР тұрғындарына кардиологиялық көмек көрсету туралы» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанның екі өңіріндегі бірнеше мектептің және бір балабақшаның кезекші топтарындағы 16 баладан коронавирустық инфекция табылды. Бұл білім ордалары мен балабақша 14 күнге жабылды. Мектептер мен балабақшадағы ұстаздар, тәрбиешілер, балалардың ата-аналары ПТР тест тапсырып, бақылауға алынды, - деді ол. 

Бағдат Қожахметовтың айтуынша, әрбір жағдай анықталған бастап 14 күн өткеннен кейін барлық осы оқу орындары мен балабақшаларда залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі және барлық қызметкерлер мен балалар қосымша тексерілетін болады.

Балалар инфекцияның жеңіл түрін жұқтырады. Балалардың біразында дене қызуы байқалмады, бірақ кейбірінде жөтел және басқа да белгілер пайда болды. Жалпы, барлығының дерті  жеңіл және емді үйде қабылдауда. Олар қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген, дәрігерлер тікелей бақылауында, - деді Қожахметов.

Бұған дейін ол СҚО мектептерінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 жағдай тіркелгенін айтқан еді.



Өзгелердің жаңалығы