Бас жаңалықтар
Мамандар кей адамның аяқ-қолы неге мұздай болып жүретінін айтты
09 Қазан 2019, 15:55 17865

Мамандар кей адамның аяқ-қолы неге мұздай болып жүретінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көптеген адам жыл мезгіліне қарамастан, үнемі аяқ-қолдары тоңып жүретінін айтады. Мамандар қол-аяқтың үнемі мұздап жүруі қауіпті аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін айтады.

Бұл туралы Рамблер сайты жазады. 

Бұл қаназдықтың белгісі болып саналады. Яғни ауаны "тасымалдайтын" қанның қызыл түйіршіктері жетіспейді. Ал қаназдық кезінде адам жұмыс істеу қабілеті төмендеп, физиологиялық және психологиялық дамуына кері әсер етеді. Егер қаназдықтан емделмесе, бұл созылмалы ауруға айналып кетуі мүмкін. 

Қолдың үнемі "тастай" болып жүруі қанның құрамындағы қанттың төмендеп кеткенінің де белгісі болуы мүмкін. Егер де әлсіреп, үнемі шөл қысып, дәретханаға жиі бара берсеңіз, дәрігерге барып қант диабетіне тексеруін сұраңыз. 

Қолдарыңыздың суық болуы қан ұюының да белгісі болуы ықтимал, яғни артерия мен тамырлар қою қанның ұйып қалуы салдарынан бітеліп қалуынан саусақтарыңыз ауырып, әрең жылынады.  

Аяқ-қолдың сұп-суық болып жүруі Рейно атты қауіпті аурудың белгісі болуы мүмік. Ол ұсақ артериялардың зақымдануынан адамның қолдары көгеріп, мұздай болып жүреді. Сонымен қатар, суық қолдар қан айналымы мен қан қысымының дұрыс болмауының белгісі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...