Бас жаңалықтар
Кеңестік кезеңде бізде етті мал шаруашылығы болған емес – Асылжан Мамытбеков
19 Наурыз 2021, 18:17 750

Кеңестік кезеңде бізде етті мал шаруашылығы болған емес – Асылжан Мамытбеков

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан ет одағының басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков ірі қара мал өсірудің ортақ нарығын дамыту Еуразиялық ет одағының отырысында айтты.

Оның айтуынша, ТМД елдеріндегі ірі қара мал басын біріктіретін болсақ, онда сан бойынша қомақты көрсеткіш шығады, алайда ет өндірісі, экспорт, жан басына шаққандағы ет тұтынушы саны бойынша көшбасшылықтан алыс. 

Бізде мал басының саны болғанымен, өндіріс төмен, сата алмаймыз, тұтынбаймыз да. Демек, бір тізбекте проблема, ауытқу бар. Бір кемшілік – малымыздың сапасында болса керек. Мал ұстасақ та, одан көрген пайдамыз шығынынан артылмайды, генетика көрсеткіші тым нашар. Сондықтан Қазақстанда ет саласын реформалау жолы асылдандыру жұмысынан басталды, - деді ол.

Асылжан Мамытбеков ТМД аумағында ет өндірісі нарығындағы мәселелерідің түп төркіні кеңестік кезеңде ет пен сүтті бөліп қарамауда жатыр. 

Іс жүзінде бізде етті мал шаруашылығы болған емес, ет сүтті мал шаруашылығының бір құрауышы ретінде жүрді. Сол уақытта Австралиядағы мал шаруашлығының 92%-ы – етті мал болды. Қалыптасқан саланы жаңа бағытқа бағдарлау қиынға соқты. КСРО құлаған соң Қазақстандағы ірі қара малдың саны жекенің қолына өткені жағдайды ауырлатты. Тіпті 2010 жылы малдың 82 пайызы жеке үй шаруашылықтарында, яғни ауыл шаруашылығында жұмыс істемейтін, малмен кәсіби тұрғыда айналыспайтын иелердің қолында өсірілді,- деді ол.

Ол сол кездегі мал шаруашлығы саласындағы проблемаларға да тоқталды.

Ірі қара мал шаруашылығының өнімділігі және тиімділігі туралы айтылмады,  сойылған малдың орташа салмағы небәрі 154 келіге тең болды, ал нормалық көрсеткіш – 220-225 келі еді. Генетика құрдымға кеткен еді, малды туыстас төлмен жаппай шағылыстыру орын алды, асылдандыру туралы не ой, не жоспар болмады. Қазақстанның ақ бас сиыры 44 пайызға ғана эталонға сай келді, - дейді Мамытбеков.

Фото: дереккөз
Загрузка...