Бас жаңалықтар
Кеңес Ұлттық біліктілік тестілеу ережесін бұзған мұғалімдермен кездесу өткізді - Көптілеуова
17 Мамыр 2021, 17:38 998

Кеңес Ұлттық біліктілік тестілеу ережесін бұзған мұғалімдермен кездесу өткізді - Көптілеуова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бағым Көптілеуова «Педагог мәртебесі туралы» Заң нормаларының іске асырылуы» тақырыбында өткен брифингте айтты.

Кеңес мүшелері сәуір айында өткен педагогтердің Ұлттық біліктілік тестілеу барысында ереже талаптарын бұзып, тестілеу нәтижесі жойылған педагогтермен де жеке кездесу өткізді. Әрбір педагогпен жеке әңгімелесіп, олардың ереже талаптарын бұзу фактілері анықталып, талқыланды, - деді ол.

Көптілеуованың айтуынша, кеңес мүшелері тарапынан өз әріптестеріне алдағы уақытта да Ұлттық біліктілік тестін тапсыру барысында ереже талаптарын сақтауға, оның ішінде ереженің 17, 19-тармақтарына назар аударуға ұсыныс жасалды.

Кездесу барысында кері байланыс жасауда педагогтердің аттестаттау ережесіне қатысты жиі қойылатын сұрақтарына жауап берілді. Одан бөлек, педагогтерге қызметтік және қызметтік емес уақытта да жалпы педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары мен нормаларын сақтау қажеттігі түсіндірілді, - деді департамент басшысы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...