Біз Қазақстан өткізетін сайлауға кемшілік іздеу үшін келген жоқпыз – шетелдік бақылаушы

7 Маусым 2019, 14:45
2187
Бөлісу:
Біз Қазақстан өткізетін сайлауға кемшілік іздеу үшін келген жоқпыз – шетелдік бақылаушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 9 маусымда өтетін сайлауға ТМД 8 елінен 432 бақылаушы келген. Ал Украина мен Молдова ТМД байқаушылар миссиясының құрамына кірмеген. Сондықтан жеке жұмыс істейді. Бұл туралы ТМД байқаушылар миссиясын басқаратын Сергей Лебедев айтты.

«ТМД елдері байқаушыларының миссиясы жұмысқа 20 мамырдан бастап кірісті. Содан бері 20 адам жұмыс істеді, штаб құрылды. Осы уақыт аралығында ұзақмерзімді байқаушылар бірнеше облыста болып шықты. Қазақстан Республикасының барлық облысында байқау бойынша бекеттер ұйымдастырылды. Одан бөлек, ұзақмерзімді байқаушылардың қатысуымен жалпы миссияның құрамын жасақтады. Жалпы, ТМД 8 елінен 432 құрамынан байқаушы сайлауда жұмыс істейтін болады», - деді Сергей Лебедев.

ТМД құрамындағы Украина мен Молдовадан да байқаушылар да бар. Бірақ олар жеке жұмыс істейді. 

«ТМД миссиясының құрамына өмірлік тәжірибесі мол адамдар кіріп отыр. Олардың қатарында депутаттар, Орталық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері бар. Бұл азаматтар сайлау процесін жетік біледі. Жеке өз басым мүмкіндігінше, учаскелердің көбісін бақылайтын боламын. Жоспар бойынша 10-ға жуық дауыс беру пунктінде боламын деп отырмын. Барлық облыста біздің өкілдеріміз бар. дауыс беру аяқталғанша, 21:00-ге дейн боламыз. Сосын біз дауыс санауға да қатысамыз. Ал сайлаудың қалай өткенін 9 маусым күнгі түнгі 23:30 кезінде баспасөз мәжілісін өткізіп, хабарлайтын боламыз», - деді ол.

ТМД байқаушылар миссиясының басшысы Қазақстанға сайлау процесіндегі қандай да бір кемшіліктерді анықтау үшін емес, көмек қолын созуға келгенін айтты.

«Қазақстандағы сайлау науқаны ұйымдасқан түрде тыныш өтіп жатыр. Оған баса назар аударуға болады. Орталық сайлау комиссиясындағы кездесу барысында, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерімен сөйлескенімізде негізгі мақсатымыз сайлаушылардың өз еркін білдіру құқығын қамтамасыз ету дегенге тоқтадық. Дауыс беру тәртібі, сайлау учаскесінде тіркеу туралы ақпараттар барлық сайлау учаскесінде бар. Біз әдеттегідей елдің ішкі саясатына араласпай, тәуелсіз тұрғыда бақылау жасаймыз», - деді Лебедев.

Өзгелердің жаңалығы