Әлихан Смайылов: Кемінде 28 млрд доллар шетелдік инвестициялар тартуға тиіспіз

28 Қаңтар 2020, 11:45
1133
Бөлісу:
Әлихан Смайылов: Кемінде 28 млрд доллар шетелдік инвестициялар тартуға тиіспіз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жылы экономиканың 4,7-5% деңгейінде сапалы өсуін қамтамасыз ету үшін кемінде 28 млрд доллар шетелдік инвестициялар тартуға тиіспіз.


 Бүгін Үкімет отырысында сөз сөйлеген ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов осылай деді. Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын уақытылы әрі сапалы орындау мақсатында Ұлттық экономика министрінің бүгінгі ұсыныстарын қолдауды сұрады. 
2020 жылы экономиканың 4,7-5% деңгейінде сапалы өсуін қамтамасыз ету үшін біз негізгі капиталға салынатын инвестицияларды жалпы ішкі өнімнің 20% деңгейінде қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауымыз және кемінде 28 млрд доллар шетелдік инвестициялар тартуға тиіспіз. Бұған дейін инвестициялар пулы анықталған болатын. Бұл – сомасы 44 триллион теңгені құрайтын 2033 жоба. Барлық әкімдер мен салалық министрлер олардың іске асырылуын тұрақты бақылауда ұстауы тиіс, – деп мәлімдеді Әлихан Смайылов.
 
Министр елге тартылатын инвестициялардың сапасына назар аудару қажет екенін айтты. Бұл орайда Ұлттық экономика министрлігі ай сайын осы мәселеге мониторинг жүргізіп, тоқсан сайын оны Үкімет отырысына шығаратын болады.
Бұл ретте келесі сұрақтарға назар аударғым келеді: Елбасы мен президент жүктеген барлық тапсырмаларды жұмыс тобының ұсыныстарын ескере отырып, өзіміздің іс-қимылдар жоспарын қайта қарап, Үкіметтің 2025 жылғы дейінгі бағдарламасын қабылдауымыз қажет, – деді ҚР қаржы министрі. 

Әлихан Смайылов 2020 жылы шикізаттық емес экспорт көлемін 3 млрд долларға ұлғайтып, он 8,6 млрд долларға дейін жеткізуді көздеп отыр. Бұл межені бағындыру үшін мемлекет қандай қадам жасау қажет екеніне назар аударды. 
Ол үшін Сауда және интеграция министрлігі мемлекеттік органдармен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, әрбір өңірдегі проблемалық мәселелерді талдап, мемлекеттік қолдау шараларын өзектендіру қажет. Және осыны 2025 жылға дейінгі сауда саясаты бағдарламасын дайындау кезінде ескеру керек. Бұл жұмысқа Қазақстанның шетелдегі елшіліктері белсенді түрде тартылуы тиіс, – деп ұсынды қаржы министрі үкімет отырысында.
Өзгелердің жаңалығы