Бас жаңалықтар
Бүгін
Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстанның автоөндірушілері арасында келісімге қол қойылды
15 Наурыз 2019, 19:14 244

Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстанның автоөндірушілері арасында келісімге қол қойылды

Астана, BAQ.KZ. 15 наурыз күні Ташкент қаласында (Өзбекстан) Бірінші Орталық Азия экономикалық форумы аясында GM «Uzbekistan» және «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС ірі автоөндірушілері арасында өндірісті дамыту бойынша келісімшартқа қол қойылды.  

Қол қою рәсіміне Қазақстан Премьер-Министрінің Орынбасары Ж. Қасымбек пен Өзбекстан Премьер-Министрінің Орынбасары Э. Ганиев қатысты.

Кездесу барысында автомобиль өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық перспективалары, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, аймақтық сауда-саттықты ынталандыру мәселелері т.б. талқыланды. Нәтижесінде автоөндірісті дамыту бойынша келісімге қол қойылды. Тараптар 2019 жылдың соңына дейін Қазақстанның нарықтарында да, Ресей Федерациясын қоса алғанда, экспорттық нарықтарда да өткізу үшін 16 мың техника шығару туралы келісімге келді.

Автоөндірушілер сонымен қатар бірлескен кәсіпорын құру, жергіліктендіруді тереңдету бойынша кезең-кезеңмен жұмыстарды қолға алу, оның ішінде автокомпонентті базада, жаңа бәсекелі модельдер бойынша ынтымақтастықты жалғастыру, өндірілетін өнім сапасын жақсарту шаралары туралы мәселелерді талқылады.

Сізден жаңалық