Бас жаңалықтар
ҚазҰУ-да Тұңғыш Президент залы ашылды
11 Қараша 2020, 18:33 238

ҚазҰУ-да Тұңғыш Президент залы ашылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев залы ашылды.

Бұл зал 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш президенті күніне орай ашалап отыр. Аталған зал білім орталығы болып есептеледі, онда Н.Назарбаев басқарып тұрған кездегі тәуелсіз еліміздің құрылу тарихы мен нығаюы жолындағы материалдар жинақталған.                                   

Залдың салтанатты ашылу рәсімінде «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының» директоры Әмірхан Рахымжанов құттықтау сөз сөйлеп, Н. Назарбаевтың атқарған ісіне байланысты жарық көрген кітаптарды ала келгенін жеткізді.


ҚазҰУ осымен төртінші жыл Елбасы кітапханасымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Былтыр студенттермен кездестік, оның алдында «Елбасы моделі» атты халықаралық конференция өткіздік.  Бүгінгі кездесуіміз де сол үлкен жобаның жалғасы. Біздің кітапханада соңғы жылдары көптеген жаңа кітаптар шығып жатыр, бүгін солардың ішінен 100 кітапты осы залға тапсыруға алып келдік. Өйткені болашақ жастарымыз еліміздің тарихын біліп өсуі керек. Олардың ой-өрісін осы кітап, білім арқылы кеңейтеміз деп ойлаймыз. Әкелген кітаптардың ішінде «Тұңғыш Президенттің әлемнің жетекші университеттерінде оқыған дәрісі», «Назарбаев моделі»  атты кітаптар бар. Бұлар жақында ғана жарық көрген, яғни сиясы әлі кеуіп үлгермеген кітаптар, - деді Ә. Рахымжанов.

Ұйымдастырушылар бұл зал алдағы уақытта ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлар өткізетін, сарапшылар қауымдастығының және білім, мәдениет саласы мамандарының кездесу алаңына айналатынын айтады.


Фото: дереккөз
Загрузка...