Бас жаңалықтар
Қазғарыштың бұрынғы басшысы Алмас Қосынов өмірден озды
28 Қаңтар 2021, 18:05 1048

Қазғарыштың бұрынғы басшысы Алмас Қосынов өмірден озды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы 27 қаңтарда Қазақстанның ғарыш қызметін дамытуға елеулі үлес қосқан көрнекті ғалым, мемлекет қайраткері, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің бұрынғы басшыларының бірі Алмас Олжабайұлы Қосынов 72 жасында кенеттен қайтыс болды. 

Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

А.Қосынов 1949 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1973 жылы Д.И. Менделеева атындағы Мәскеу химия-технологиялық институтында бакалаврды, 1977 жылы аспирантураны бітірді . Еңбек жолын Мәскеу облысы Дзержинский қаласындағы «Союз» ғылыми-өндірістік бірлестігінде (химия-технологиялық ғылыми-зерттеу институты) бастады.

1992-2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының сектор меңгерушісі, ғылыми-техникалық прогресс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі, ҚР Ғылым Министрінің орынбасары, ҚР Энергетика, индустрия және сауда, ғылым және жоғары білім министрлігінің Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

2001 жылы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар, көлік және коммуникация, білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 2006-2007 жылдары "Қазғарыш "ұлттық компаниясы" АҚ (қазіргі "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК"АҚ) вице-президенті - Басқарма мүшесі болды.

 2007-2008 жылдары - "Қазақстан инжиниринг " Ұлттық компаниясы"АҚ Басқарма төрағасы, Президенті қызметін.  Ал 2007-2009 жылдар аралығында - ҚР Индустрия және сауда вице-министрі қызметінде болды. 

2009 жылдан бастап – «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ әкімшілігі аппаратының басшысы, 2011-2015 жылдар аралығында «Қазатомөнеркәсіп«ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі болды.

 «ЖТИ» ЖШС, «Қорған-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы болды. «Байкен-U» ЖШС; «ОРТАЛЫҚ» өндіруші кәсіпорны ЖШС, "КТ сирекметалды компаниясы»  бірлескен кәсіпорны» ЖШС-нің  Бақылау кеңесінің мүшелігенде болды.

Соңғы жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК  АҚ-ғы құрған «Жоғары технологиялар институты» ЖШС-де жұмыс істеді. 

ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің басшылығы, қызметкерлері, Қазақстанның ғарыш саласының мамандары, достары мен әріптестері Алмас Олжабайұлы Қосуновтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...