Бас жаңалықтар
Қазақстанға бір тәулік ішінде ПТР-анықтамасыз 147 әуежолаушы келді
03 Желтоқсан 2020, 10:44 154

Қазақстанға бір тәулік ішінде ПТР-анықтамасыз 147 әуежолаушы келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Нидерланды, Корея, Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

992 әуежолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 845 адам, анықтамасыз 147 адам келді, - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс, 449 жолаушы, анықтамамен - 324, анықтамасыз - 125;
Алматы қаласының әуежайына - 4 рейс, 412 жолаушы, анықтамамен - 392, анықтамасыз - 20;
Орал қаласының әуежайына - 2 рейс, 40 жолаушы, анықтамамен - 39, анықтамасыз - 1;
Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 91 жолаушы, анықтамамен - 90, анықтамасыз – 1.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 147 азаматтың тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.


Фото: дереккөз
Загрузка...