Жұмағалиев Нидерландыдағы қазақстандық студенттер жайлы айтты

11 Қазан 2021, 19:27
1823
Бөлісу:
Жұмағалиев Нидерландыдағы қазақстандық студенттер жайлы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нидерландта мен өзіміздің қазақстандық студенттермен жиі кездесуге тырысамын. Бір-бірімізбен сұхбаттасып, қарым-қатынасымызды нығайтамыз, әр түрлі оқиғалар туралы ойларымызбен бөлісеміз. Әсіресе Қазақстанда пайдалы болатын жергілікті ерекшеліктерді әбден талқылаймыз, деп жазды Нидерландыдағы Қазақстан елшісі Асқар Жұмағалиев Facebook-тегі парақшасында.

Ол студенттерден не себепті Нидерландты оқу үшін таңдағанын сұрағанын айтады.

Кездесулердің бірінде мен студенттерімізден не себепті Нидерландты оқу үшін таңдағанын сұрадым. Шыны керек, бұл жақта оқу құны арзан емес. Егер тілді білсеңіз, ЕО-ның кейбір елінде тіпті тегін оқуға болады, олардың ішінде Германия, Польша, Чехия және басқа елдер де бар. Сол мезетте студенттердің бірі маған бірден келесі жауап қайтты: «жергілікті университеттер мені бәсекеге қабілетті болуға үйретеді» деді. Шын мәнінде, жергілікті халықта бәсекелестік рухы өте жоғары дамыған. Ол қасиетті мен көптеген адаммен сөйлескенде өзім де байқайған едім. Олар бәсекелестіктен тіпті қорықпайды, әрқашан нарықта өз орнын және өз клиентін табатынына нық сенімді, - дейді Жұмағалиев.

Елші Роттердам портының өкілінен естіген сөзді мысалға келтірді.

Бір ретте Роттердам портының өкілінен келесіні естіген едім: «Біз кез келген шикізатты өндіре аламыз. Егер оны өндіре алмасақ, біз оны тасымалдаймыз. Егер біз оны кәдімгі жолмен тасымалдай алмасақ, шикізатты тасымалдаудың арзан және жылдам технологиясын ойлап табамыз... Не болса да, кез келген жағдайда біз қызықтырған нарықта өз орнымызды табамыз» деп мені қызықтырып қалды. Шынымен, қазіргі өзгерістерге толы технологиялық дәуірде, сол өзгерістерге жылдам бейімделу талабы өте маңызды. Сондықтан ешбір тосқауылдарға қарамай, қандай да бір жағдайда бәсекеге дайын болу өте дұрыс ұстаным деп ойлаймын. Осы жайтты, жас болса да, түсініп жатқан студенттеріміз үшін қуаныштымын. Оқуды бітірген соң олардың көбі елге оралып, білімдерін Қазақстанда қолдануға ниеттеніп отыр. Оған мен риза болып, ішімнен мақтанып отырамын және жастардың үлкен жетістіктерге жететініне сенемін. Себебі бәсекелестіктен қорықпай, оны даму драйвері ретінде қабылдаған жастардың болашағы ашық болады, - деп түйіндеді ол.

Өзгелердің жаңалығы