Қазақстанда Pfizer вакцинасы уақытша тіркеуге алынды

1 Қыркүйек 2021, 17:31
11235
Бөлісу:
Қазақстанда Pfizer вакцинасы уақытша тіркеуге алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда Pfizer-BioNTech Comirnaty («Комирнати») вакцинасы тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«Комирнати» вакцинасы биыл 23 тамыз күні сегіз ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін алған. Вакцинаға құжатты Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті берген.

Уақытша тіркеу куәлігі Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы мен 2021 жылғы 20 тамыздағы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының оң қорытындысы негізінде берілді, - делінген ведомствоның ресми сайтында. 

Өзгелердің жаңалығы