Қазақстанда медициналық бұйымдарды сынақтан өткізетін орталық бой көтереді

27 Қыркүйек 2021, 16:30
14780
Бөлісу:
Қазақстанда медициналық бұйымдарды сынақтан өткізетін орталық бой көтереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады. 

Оның айтуынша, еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметті материалдық-техникалық жабдықтауды нығайту түрлі зертханалық зерттеулер жүргізуге жол ашатын көрінеді.

12 зертхана жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталатын болады. Бұл азық-түлік өнімдерін, балалар ойыншығын, су және өзге де өнімдердің құрамын уытты элементтер, тұз, металдарға зертханалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Одан басқа медициналық бұйымдарға зертханалық және техникалық сынақтар өткізетін орталық құрылады. Бұл дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сынақты халықаралық стандарттар бойынша жүргізуге себеп болады, - деді Премьер-министрдің орынбасары.
Сондай-ақ ол Үкімет халық арасында салауатты өмір сүру салтына аса назар аудару қажеттігін алға тартты. Әсіресе бұл пандемиядан кейінгі кезеңде маңызды деп отыр.
«Дені сау ұлт» ұлттық жобасында салауатты өмір салтын дамыту бойынша нақты шаралар анықталған. Бұл 2025 жылға қарай салауатты өмір салтын ұстанған азаматтардың үлесін 45%-ға дейін ұлғайтуға жол ашады. Біздің басымдық денсаулық сақтаудың жаңа технологиясы мен жаңа заманауи ауруханалар құрылысын енгізу болып табылады. Биыл біздің елде Орталық Азияда алғаш рет онкологиялық ауруларды тиімді әрі ауырсынусыз емдеуге арналған гамма-пышақ орнатылды, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Сонымен қатар Үкімет басшысының орынбасары республикалық маңызға ие әр облыс орталығында МЖӘ шеңберінде заманауи медициналық орталықтар бой көтереді деп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ералы Тоғжанов QazVac вакцинасының дозасы көбейетіндігі туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы