Қазақстанда ең көп сұранысқа ие мамандық анықталды

2 Тамыз 2021, 16:15
7523
Бөлісу:
Қазақстанда ең көп сұранысқа ие мамандық анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде ең көп сұранысқа ие мамандық анықталды. 

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты жүргізген зерттеу нәтижесінде дәрігерлер ең қажетті мамандық иегерлері деп танылды.

Зерттеу сауалнама әдісімен жасалған. Яғни маршруттық квоталық іріктеме негізінде тұрғылықты мекенжай бойынша респонденттермен сұхбат жүргізіліпті. Оған республикалық маңызы бар 3 қала мен 14 облыстағы 59 қалалық елді мекен қамтылған. Сауалнамаға кәмелеттік жасқа толған 2000 адам қатысып, пікірлерін ортаға салыпты. Статистикалық қателік 3,5%-дан аспаған.

Нәтижесінде 19,1% көрсеткішпен дәрігерлер қазіргі заманда ең қажетті мамандық деп танылған. Зерттеу жұмысы әлемде індет таралардан бір жыл бұрын жасалса да, қазақстандықтар дәрігер мамандығы аса қажет деп таныған көрінеді. Ал институт мамандары болса, пандемия медициналық көмектің қаншалықты маңызды және қажет екенін тағы бір рет дәлелдеп берді деп отыр.

Екінші аса қажет мамандықтардың қатарына педагог мамандар жатқызылды. Респонденттердің 15,9% республикамызға мұғалімдер керек деп санаған.

Үштікті 10,6%-бен жұмыс мамандықтары тәмамдады. Олардың қатарына дәнекерлеуші, бетоншы, электрші және т.б. мамандықтар кірген екен.

Өзгелердің жаңалығы