Қазақстан Токиодағы Паралимпиадалық ойындардан алғашқы алтын медалін алды

Қазақстан Токиодағы Паралимпиадалық ойындардан алғашқы алтын медалін алды
11017

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Давид Дегтярев Токиодағы паралимпиадалық ойындардың жеңімпазы атанды.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Ол пара пауэрлифтингтен алтын медаль еншіледі. Дегтярев 54 келі салмақта үздік деп танылды.

Екінші орынға франциялық Аксель Бурлон (165 келі) тұрақтады.

Қола медаль Димитрус Бакохристосқа (Греция) - 165 келі) тиді. 

Айта кетейік, Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын 25 атлет қорғап жатыр.


Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы