Бас жаңалықтар
Қазақстан ТМД елдері құзырлы органдарының ынтымақтастығын жоғары бағалайды – Тоқаев
23 Қыркүйек 2021, 10:07 1136

Қазақстан ТМД елдері құзырлы органдарының ынтымақтастығын жоғары бағалайды – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ТМД қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 31-отырысында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін оқып берді. 

ТМД қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 31-отырысына қатысушылар, Қазақстанға келгендеріңізге ризамын. ТМД қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесі адам құқықтары саласындағы маңызды мәселелерді зерттейтін және әлемдік тәжірибені қолдануға мүмкіндік беретін тиімді алаң болып саналады. Өзара байланыстың осындай форматы құқықтық кеңістіктің тиімді халықаралық ынтымақтастығының үлгісі, - деді Тоқаев.
Президент атағандай, ТМД кеңістігінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті бірлесе сақтаудың қажеттілігі туындап отыр.
Бұл жағдайда үйлестіру кеңесінің өңірдегі серіктестіктің кеңеюі мен тұрақтылықты арттырудағы үлесі зор. Прокуратураның құқық қорғау саласы жүйесінің тиімділігі мен заң үстемдігін құрудағы қызметі зор. Қазақстан ТМД елдерінің құзырлы органдарының көпжылғы ынтымақтастығын жоғары бағалайды. Бүгін  өзекті мәселелер бірлесіп талқыланады деген үміттемін. Бірлескен жұмыстың жаңа басымдығы айқындалатынына сенімдімін, - деді Тоқаев.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...