«Қазақстан спортын трансформациялау» жобасына кімдер мүше?

2 Қыркүйек 2021, 18:43
5201
Бөлісу:
«Қазақстан спортын трансформациялау» жобасына кімдер мүше?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында «Қазақстан спортын трансформациялау» жобасының жетекшісі Қамбар Омаров хабарлады. 

Оның айтуынша, аталған жоба кеңсесінің жұмыс органына белгілі спортшылар мүше болып табылады.

Жұмыс органының құрамына бүгінде 55 кәсіби спортшы мүше. Күн сайын хабарласып, бастамаларын ортаға салады. Сондықтан мен мүшелердің саны көбейеді деп ойлаймын. Тізімді де көрсете аламын. Бұл тізімде 55 адам бар. Спорттың инклюзивті түрлері бойынша жоба тобының басшысы Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев болып табылады, - деп атап Қамбар Омаров.

Сонымен қатар жобаның жұмыс органына кіретін белгілі спортшылардың да есімін атады.

Олардың қатарында олимпиада чемпиондары: Бақтияр Артаев, Василий Жиров, Юрий Мельниченко, Тұрсынғали Еділов, Елдос Сметов, Владимир Винокуров, - деді жоба жетекшісі.

Сондай-ақ бұл тізімге басқа кәсіби спортшылар бар.

Өзгелердің жаңалығы