Бас жаңалықтар
Қазақстан құрамасының ойыншысы коронавирус жұқтырды
08 Қазан 2021, 11:15 4807

Қазақстан құрамасының ойыншысы коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық құраманың негізгі қорғаушыларының бірі Александр Марочкин алдағы матчтарға қатыспайды. Бұл туралы Prosports хабарлады.

Марочкиннің коронавирусқа қарсы тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткендіктен, Қазақстан құрамасының 4 қазан күні басталған оқу-жаттығу жиынына келе алмады.

Естеріңізде болса, Марочкин ұлттық құраманың өткен айдағы үш ойынына да қатысқан еді.

Айта кетейік, Талғат Байсуфинов шәкірттері 9 қазанда Босния және Герцеговина, ал 12 қазанда Финляндия құрамасымен күш сынасады. Қос ойын да «Астана Арена» стадионында өтеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...