Қазақстан коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаны сатып алуы мүмкін

12 Ақпан 2021, 17:05
2442
Бөлісу:
Қазақстан коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаны сатып алуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «COVID-19 қарсы вакцинация: мифтер мен фактілер» тақырынба өткен баспасөз конференциясында айтты. 

Қан диабеті, хобл сынды созылмалы ауруы бар науқастарға  вакцина алуға болады. Тек созылмалы аурудың асқынған шағында вакцина қабылдауға болмайды. Аурудың асқынуы тарқаған кезеңде коронавирусқа қарсы вакцина ектіруге болады. Жанама әсерлер барлығы сау адамда болған сияқты байқалады. Созылмалы ауруларды асқындырып жібереді деген дерек жоқ, - деді ол. 

Ералиева айтқандай, әлемде ондай тәжірибелер бар. 

Созылмалы ауруы бар науқастарға егілген вакцина жақсы нәтиже көрсетті. Тіпті ЖСТҚ инфекциясы бар науқастарға да вакцина егілді. Мен созылмал аурулары бар науқастардың тек ресейлік мәліметтері бойынша айта аламын. Оларда 2 млн-ға жуық адам вакцина алды. Ешқандай жанама әсер тіркелмеді, - деді ол. 

Ол атағандай, қазақстындық вакцинаны егу наурыздың соңында басталады. 

Өндіріс енді қуаттылыққа көшіп жатыр. Бізге қосымша вакцина қажет болуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі «синовакс», «синофарм» қытайлық вакцинаны сатып алу бойынша келісім жүргізіп жатыр. Басты мақсат - халықтың басым бөлігіне вакцина салып, халық арасында популяциялық әсер алу, - деді ол.
Бұған дейін белгілі профессор коронавирусқа вакцина инфекциялық ауруларды емдейтін дәрі емес екенін айтты. Сонымен қатар ол қазір егіліп жатқан вакцинаның бір құтысы 5 адамға жететінін атап өтті. 
Өзгелердің жаңалығы