Вакцинаның бір құтысы 5 адамға жетеді – Рүспекова

12 Ақпан 2021, 16:52
1762
Бөлісу:
Вакцинаның бір құтысы 5 адамға жетеді – Рүспекова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қалалық №2 емханасының директоры Ләззат Рүспекова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «COVID-19-ға қарсы вакцинация: мифтер мен фактілер» тақырынба өткен баспасөз конференциясында айтты. 

1 ақпаннан бастап коронавирус індетіне қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы вакцинациялаудың алғашқы кезеңінде 5 емхананы таңдады. Емханаларда вакцинацияны ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асырылды. Бұл қоймалардан қажетті заттарды тасымалдау бойынша арнайы термоконтейнерлер алынды. Оқыту шаралары және медицина қызметкерлерін аттестациялау жүргізілді, - деді ол. 

Рүспекова айтқандай, елордада 1500 медицина қызметкері вакцина алды. 

Қала бойынша вакцина егілген адамдар саны 1640-ден асты. Егу тәртібіне сәйкес, вакцинаның бір құтысы 5 адамға жетеді. Сондықтан уақытты сақтау жүзеге асырылды. Себебі вакцина алған адамдар 30 минут бойы дәрігер қарауында болады, - деді директор. 

Оның айтуынша, қазір ресейлік вакцинамен жұмыс істеп жатыр екен.

Оның бір құтысында 3 мл сұйықтық бар. Егу дозасы 0,5 мл құрайды. Ерітілген препарат өзінің күшін 2 сағат сақтай алады. Вакцинаның бірінші кезеңінен кейін екінші рет вакцинаны салдыру 21 күннен кейін жүзеге асырылады, - деді ол.
Бұған дейін вакцина – бұл дәрі емес екені және ол инфекциялық аурулардан емдемейтіні айтылды.
Өзгелердің жаңалығы