Қазақстан – Иордания саяси консультациялары онлайн режимде өтті

9 Қыркүйек 2021, 01:25
1204
Бөлісу:
Қазақстан – Иордания саяси консультациялары онлайн режимде өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Иордания сыртқы саяси ведомстволары арасында видеоконференц байланыс форматында саяси консультациялар өтті. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жазылды.

Іс-шара барысында Қазақстан СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Оңталап Оңалбаев пен Иордания СІМ Азия және Океания істері департаментінің директоры Малек Туаль саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың ағымдағы жағдайы мен келешегін, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдар, олардың ішінде БҰҰ, АӨСШК және АҚИҰ аясында екі ел арасындағы өзара ықпалдастығын талқылады. Сонымен қатар, тараптар үкіметаралық комиссияның кезекті 5-ші отырысын, сондай-ақ Қазақстан-Иордания бизнес форумын жақын арада өткізу қажеттігін атап өтті.  

Саяси консультациялар шеңберінде тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, олардың ішінде Таяу Шығыстағы бейбіт реттеу процесі, Сирия және Ауғанстандағы ахуал сондай-ақ т.б. мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.


Өзгелердің жаңалығы