Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды

21 Қазан 2021, 11:04
1554
Бөлісу:
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды. 

Іс-шараға еліміздің Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаев, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Е.Ж. Қошанов, Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы М.Б. Қасымбеков, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.А. Әзілханов, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысады.

Отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы XXIX сессиясының шешімдерін және Президенттің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты ел халқына Жолдауын іске асыру тұрғысынан мемлекет Ассамблеясының жаңа міндеттері талқыланады. 

Сондай-ақ, Отырыста Түркістан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар кеңесінің қызметі сияқты елдегі этносаралық бірлік пен келісімді нығайтудың өзекті мәселелері қарастырылмақ. 

Айта кетейік, онлайн форматта өтетін іс-шара «Хабар 24» телеарнасынан Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 11:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.



Өзгелердің жаңалығы