«Қазақфильм» кеңсесінде тінту жүргізілді деген мәлімет расталмады

8 Қыркүйек 2021, 14:20
1934
Бөлісу:
«Қазақфильм» кеңсесінде тінту жүргізілді деген мәлімет расталмады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақфильм» киностудиясы кеңселерінде тінту жұмыстары жүргізілді деген ақпаратқа қатысты жауап берілді.

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бүгін «Экспресс К» ақпараттық порталында жарияланған «Қазақфильмде» тінту жұмыстары жүргізіліп жатыр» деген ақпарат нақтыланбаған және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Біз БАҚ өкілдерінен тексерілмеген ақпаратты таратпауды және түсініктеме алу үшін киностудияның баспасөз қызметіне хабарласуды сұраймыз, - деп жазылған киностудияның ресми сайтында. 

Аталған сайт студия кеңсесінде Алматы Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаған.

Екінші қабат түгелдей жабылған. Ол жаққа кіруге ешкімге рұқсат етілмеген. Қаржылық құжаттар мұқият тексерілу үстінде. Дереккөзге сүйенсек, мекеме бюджетінен ақша ұрланып, салық төлеуден жалтарған. Келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 190 миллион теңге, -деп жазды «Экспресс К» ақпараттық порталы.
 


 

Өзгелердің жаңалығы