Қазақстан құрамасы аралас жекпе-жектен әлем чемпионатына аттанды

7 Қараша 2019, 17:14
1914
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы аралас жекпе-жектен әлем чемпионатына аттанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10-16 қараша аралығында Бахрейн Корольдігінің астанасы Манамада ММА аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өтеді. Аталған чемпионатқа елімізден ең мықты деген 45 спортшы қатысады.

Құраманы ММА бойынша ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Баян Жанғалов және әйелдер ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Нұрлан Мамыралиев алып жүреді. Команданы дайындауға кәсіби спортшылар Асу Алмабаев пен Жұман Жұмабеков көмектеседі.

Қараша айында өтетін іс-шараға әлемнің 50 елінен 500-ге жуық спортшы қатысады. Біздің құрамамыз үшін бұл ерекше жауапты жарыс болғалы тұр. Себебі, спортшыларға осыған дейін Азия құрлығында алған атақтарын дәлелдеп, жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болу міндеті жүктеліп отыр.

Қазір ММА бойынша Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте Бахрейн мен Ресейден кейінгі 3 орында тұр. Сондай-ақ, қазақстандықтардың дәстүрлі қарсыластары АҚШ, Украина және Швеция командалары болып табылады. Жалпы алғанда, жарыстың нәтижесін алдын-ала болжау қиынға түседі. Әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың деңгейі жыл сайын өсіп, бәсекелестік артып ережелер қатаң бола түсуде. Алайда, біздің құрама күрделі жарыстарға және кез-келген дайындық деңгейіндегі қарсыластармен кездесуге дайын. Командамызға ұлттық және әлемдік деңгейдегі жарыстарда еліміздің намысын бірнеше рет қорғаған түрлі салмақ дәрежесіндегі Азия чемпиондары, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері кірді, - деді ҚР ұлттық командасының бас бапкері Баян Жанғалов.

2018 жылы Қазақстан біріккен аралас жекпе-жек федерациясының құрылуымен спортшылардың дайындығы өзгерді. Алдағы чемпионат үшін арнайы бірнеше оқу-жаттығу жиыны өткізілді. 

Үш апта бойы біздің миксфайтерлеріміз Алматы қаласындағы Олимпиадалық даярлау орталығында жаттықты. Бұдан кейін, Федерацияның күш-жігерінің арқасында Қазақстан ММА тарихында алғаш рет құрама чемпионаттың басталуына екі апта қалғанда Бахрейн қаласына бейімделу курсынан өту және дайындығын жалғастыру үшін жіберілді. Манамада құрама күн сайын жаттығады. Жаттықтырушылардың айтуынша, бұл біздің балуандарымыз үшін ерекше емес климат жағдайында балуандардың денесін физикалық жүктемелерге дайындауға мүмкіндік береді, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы