Қайынапасы неліктен келінінің бетіне ыстық шанышқы басқанын айтты

22 Шілде 2021, 13:05
1482
Бөлісу:
Қайынапасы неліктен келінінің бетіне ыстық шанышқы басқанын айтты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында келінінің бетін ыстық шанышқымен күйдірген қайынапасы неліктен ондай қадамға барғанын айтты. Сонымен қатар әйел өз қылығы үшін кешірім сұрады, деп хабарлады zakon.kz.

Елдің жағасын ұстатқан шулы жағдай туралы КТК телеарнасының журналисі Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіге жариялаған болатын.


Жәбір көрген әйел – ақыл-есінде кемістігі бар. Күйеуі де жарымжан. Барлық құжаттарын қайынапасы иеленіп алған, онымен қоймай үнемі ұрып-соғып, мазақ қылып отыратын көрінеді. Шанышқы басуының себебін ашуға бой алдыруымен түсіндіріпті.

Қайынапасы неліктен келінінің бетіне ыстық шанышқы басқанын айтты

Мен оған ашулы едім. Анам газ плитаның үстін жу деп еді, ол тыңдамады. Қалай жасағанымды да білмеймін. Барлық қазақстандықтардан кешірім сұраймын, - деді әйел.

Түркістан облысының полициясы қажетті іс-шаралар өткізіп жатыр. 

Бүгінгі таңда Отырар аудандық полиция бөлімшесі аталған дерек бойынша ешкім шағым-арыз түсірмеген. Оның үстіне, аталған деректі облыстық полиция департаменті басшысы жеке бақылауына алды, - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы