Еңбек күні. Елордада «Кәсіподақ автобусы» акциясы өтті

25 Қыркүйек 2020, 14:01
2034
Бөлісу:
Еңбек күні. Елордада «Кәсіподақ автобусы» акциясы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек күні мерекесі қарсаңында «Кәсіподақ автобусы» акциясы өтті.

Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтілетін Еңбек күні мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығының және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің белсенділері «Кәсіподақ автобусы» атты ақпараттық қолдау акциясын өткізді.

Еңбек күні. Елордада «Кәсіподақ автобусы» акциясы өтті

Аталған мерекенің басты мақсаты – еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыру.

Акция «КазКөлікКәсіптің» автомобиль көлігі бойынша өкілі Бағдат Байжахановтың қолдауымен №25 қалалық маршруттық автобусында өтті. 

Еңбек күні. Елордада «Кәсіподақ автобусы» акциясы өтті

Мерекелік акция барысында ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан мерекемен құттықтап, Қазақстан Кәсіподақтарының қызметі, ел дамуындағы еңбек адамдарының рөлі мен орны, олардың мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан практикалық жұмыстар туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 

Еңбек күні. Елордада «Кәсіподақ автобусы» акциясы өтті

Жолаушыларға кәсіподақтардың қызметі туралы ақпараты бар нұсқаулықтар және Qazaqstan kasipodagy газетінің мерекелік шығарылымы, сондай-ақ, коронавирус індетінің одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында сақтану шаралары түсіндіріліп, 1000 дана тегін бет маска таратылды, - делінген хабарламада.

Қала тұрғындары ұйымдастырушыларға еңбек мерекесімен құттықтағандары үшін алғыстарын айтып, кәсіподақтардың еңбек адамдарына көрсететін қолдауы мен қамқорлығы үшін ризашылықтарын білдірді.

Еңбек күні. Елордада «Кәсіподақ автобусы» акциясы өтті

Өзгелердің жаңалығы