Бас жаңалықтар
Кәсіпкерлер Аshyq жүйесіне 5-10 минутта тіркеле алады – Мырзахметов
03 Тамыз 2021, 10:19 278

Кәсіпкерлер Аshyq жүйесіне 5-10 минутта тіркеле алады – Мырзахметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Үкімет отырысында айтты.

Соңғы екі аптаның ішінде 22 мыңнан 72 мыңға дейін кәсіпкерлік Аshyq жүйесіне тіркелді. Мемлекет басшысының карантин кезінде бизнеске қолайлы жұмыс істеуге мүмкіндік беру туралы тапсырмасы өте орынды болды. Мемлекет басшысы 19 шілдеде Аshyq жүйесіне тіркелу кезіндегі қағазбастылықты жою туралы тапсырма берді. Оны құзыретті органдар жүзеге асырды, - деді ол.

Мырзахметов егер осыған дейін жүйеге тіркелу 7 күнге созылса, қазір 5-10 минут ішінде автоматты түрде тіркелуге болатынын айтты.

Соның нәтижесінде 50 мыңнан астам кәсіпкерлік жүйеге тіркеліп, карантин кезінде жұмысын жалғастырып жатыр. Эпидемиологиялық жағдай бір күнде реттеліп кетпейді. Сондықтан Аshyq жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыруымыз керек,- деді Абылай Мырзахметов.

Осыған дейін Мырзахметов кәсіпкерліктер қандай қолдау сұрайтынын айтқан еді.


Фото: дереккөз
Загрузка...