KASE: Өткен айда бағалы қағаздар нарығында өсім барлық секторда тіркелді

11 Маусым 2019, 17:55
1901
Бөлісу:
KASE: Өткен айда бағалы қағаздар нарығында өсім барлық секторда тіркелді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың мамырында KASE сауда-саттықтарының жиынтық көлемі 10 342,5 млрд  теңгені құрап, 2019 жылдың сәуір айымен салыстырғанда 4,0% немесе 425,4 млрд теңгеге төмендеді. Бұл туралы KASE басқармасы төрағасының орынбасары Андрей Цалюк Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде айтты. 

Жиын барысынада Андрей Цалюк мамыр айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындыларын жариялады. Оның айтуынша, бағалы қағаздар нарығы  және шетелдік валюталар нарығы оң динамиканы көрсеткен.

«Бағалы қағаздар нарығында өсім нарықтың барлық секторында тіркелді. Мәселен, акциялар бойынша - 28,3%, МБҚ бойынша – 1,6%, корпоративтік облигациялар бойынша – 10%, ХҚҰ облигациялары бойынша – 83,6% құраған, ал инвестқорлардың БҚ бойынша – 3,9 есе», - деді ол.

Сонымен қатар, ол 2019 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 3,3% төмендеп, 2 256,68 нүктені құрағанын айтты.

«2019 жылдың 1 маусымында акциялар нарығын қаржыландыру 15,6 трлн теңге (-2,0%) көлемінде қалыптасты. Саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 0,5% дейін төмендеп, 11,5 трлн теңгені құрады. 1 маусымдағы жағдай бойынша Орталық депозитарийде жеке тұлғалардың атына 119 037  жеке шот ашылды, ол  алдыңғы айға қарағанда 238 шотқа және 2019 жылдың басына қарағанда 2 213 шотқа артық», - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы