Бразилия сенаторлары Қазақстандағы президент сайлауына баға берді

11 Маусым 2019, 17:42
2284
Бөлісу:
Бразилия сенаторлары Қазақстандағы президент сайлауына баға берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов еліміздегі кезектен тыс президент сайлауына бақылаушы ретінде елордаға келген Бразилия Федеративтік Республикасының Ұлттық конгресс сенаторлары Франсиско де Ассис Родригес және Жакес Вагнермен кездесу өткізді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы өткен сайлау Қазақстан халқының халықаралық әріптестер үшін ашық прогрессивті, демократиялық елде өмір сүру және еңбек ету еркінінің айқын көрінісі болып табылатынын атап өтті.

Бразилия Президентінің Сенаттағы өкілі болып табылатын Ф. де Ассис Родригес президенттік сайлауды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізумен құттықтап, учаскелердегі дауыс беру кезеңінде процестің транспаренттілігін атап өтті. Ж. Вагнер Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы жүргізген жұмысына жоғары баға берді. Оның пікірінше, өткен сайлау нәтижелері Қазақстанның демократиялық даму бағытына берік ұстанамын көрсетеді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Бразилия екіжақты қарым-қатынастарының өзекті мәселелерін талқылап, олардың парламентаралық құрамдастарына ерекше назар аударды.

Бразилия Сенатындағы Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Парламенттік топтың жетекшісі Ф. де Ассис Родригес Қазақстанмен бірлесе екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және маңызды халықаралық бастамаларды ілгерілетуге дайын екенін айтты.

СІМ басшысы парламентаралық дипломатиядағы қарым-қатынастарды дамыту тұрғысында маңыздылықты атап өтіп, Бразилия Латын Америкасындағы Қазақстанның басты сауда серіктесі екенін ескере отырып, бразилиялық парламентшілерді сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге белсенді түрде жәрдемдесуге шақырды. 

«Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ және «Embraer» сияқты ірі компаниялардың екі ел нарықтарындағы табысты қызметін атап өте отырып, Министр «өткен жылы Қазақстанның Бразилиямен екіжақты тауар айналымы 150 миллион АҚШ долларынан асқанын және бұл көрсеткіштің өсуі маңызды перспективаға ие», - деп атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы