Қаржы вице-министрі бюджеттің ашықтығы туралы айтып берді

23 Қараша 2020, 18:21
1538
Бөлісу:
Қаржы вице-министрі бюджеттің ашықтығы туралы айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ІХ Азаматтық форум барысында ҚР қаржы вице-министрі Руслан Енсебаев ҮЕҰ өкілдерімен кездесуі барысында сөйлеген сөзінде бюджеттің ашықтығы туралы айтты.

Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында азаматтық қоғамның мемлекетті басқаруға қатысуы ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Бұған қатысу азаматтық сектордың бюджет процесіне тартылуын көздейді. Осы ретте бүгін бюджетті, оның айқындығын, ашықтығын және теңгерімділігін талқылаймыз, - деді ол. 

Вице-министрдің сөзінше, 2008 жылдан бастап Қазақстан халықаралық бюджеттік әріптестік жүргізетін бюджеттің ашықтығын зерттеу бастамасына қосылды.

Бұл бастама көптеген елді қамтитын бюджеттің ашықтығын зерттейтін әлемдегі жалғыз тәуелсіз зерттеу. Тәуелсіз мамандардың қатысуымен бағалау 2 жылда бір рет үш бағыт бойынша жүргізіледі. Олар бюджеттің ашықтығы, жұртшылықтың қатысуы және бюджеттік қадағалауын бағалайды. Ол үшін халықаралық бюджеттік серіктестік бюджеттің ашықтық индексін әзірледі, - деп атап өтті ол ІХ Азаматтық форум кезінде. 

Ол атағандай, бүгінгі күні 100 балдың 58-і бар, орташа әлемдік балл - 45. Біздің мақсатымыз 2021 жылға қарай бұл көрсеткішті 65-ке дейін арттыру.

Сонымен қатар, вице-министр оң динамикаға қарамастан, министрлік жүйелі негізде сайт пайдаланушыларының толықтырылуын кеңейту және ыңғайлылығын жақсарту бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарының бірыңғай порталында ай сайын шоғырландырылған, мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептер, РБ-ның орындалуы туралы талдамалық ақпарат, РБ-дан бөлінген нысаналы трансферттерді өңірлердің игеруі туралы есеп, Ұлттық қордың түсімдері мен пайдаланылуы туралы ақпарат, мемлекеттік қаржы статистикасы орналастырылады. Бұдан басқа, МО ИРБП-да республика бюджеті бойынша жылдық және жартыжылдық шолулар орналастырылады. Бұл бюджетті елдің макроэкономикалық параметрлерімен өзара байланыста орындау, негізгі мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, - деді Руслан Енсебаев. 

Сондай-ақ «Ашық НҚА» және «ашық бюджеттер» порталдарында республикалық және жергілікті бюджеттердің жобалары жарияланатынына тоқталды.

Шоғырландырылған, мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы, Ұлттық қор қаражатының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есептер ай сайын орналастырылады. Жұртшылықпен кері байланыс орнату үшін біздің сайтта бюджет шығыстарының басым бағыттарын қоса алғанда, бюджетті жоспарлау және атқару мәселелерін талқылай отырып, форумдар өткізу мүмкіндігі көзделген, - деп атап өтті ол. 

Вице-министр ел бюджетінің ашықтық деңгейі халықтың бюджеттеу процесіне қатысу дәрежесін әрдайым көрсете бермейді, ол әдіснамамен анықталатынын жеткізді.

Елде бюджеттің ашықтық деңгейі тарту деңгейінен көп болуы мүмкін. 2019 жылдың қорытындысы бойынша тарту деңгейінің орташа әлемдік көрсеткіші 100-ден 14 балды құрайды. Қазақстанда жұртшылықты тарту Қоғамдық кеңестер шеңберінде іске асырылады. Бюджеттік бағдарламалардың жобалары жұртшылықпен талқылау үшін мемлекеттік органдардың сайттарында орналастырылады. Кейін қоғамдық кеңестер отырыстарында, - деді қаржы вице-министрі. 
 

Өзгелердің жаңалығы