Қаржы пирамидасы тұрғындарға млрд-тан астам шығын келтірген

26 Қазан 2020, 11:52
2730
Бөлісу:
Қаржы пирамидасы тұрғындарға млрд-тан астам шығын келтірген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Интернет-алаяқтыққа қарсы күрес туралы брифингте ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков интернет-алаяқтықтың дамуы туралы айтты. 

Қазіргі таңда Түркістан облысының полиция департаменті қаржы пирамидасының басшылығын құру бойынша 217 бап аясындағы қылмыстық іске тергеу жүргізіп жатыр. Ұйымдастыруға қатысқан барлық тұлға  анықталды. 800-ге жуық азамат аталған алаяқтардан зардап шеккен. Жалпы шығын көлемі 1 млрд теңгені құрап отыр. Тергеу жалғасып жатыр, нәтижесі бойынша нақты көрсеткіштер болады, - деді Омарбеков. 

Айта кетейік, Түркістан облысында  Айгүл Үсенбекова  «Evolution Corporation» интернет дүкенінің атын қолданып, мыңдаған адамның қаржысын жымқырған. Қорытындысында, полиция оны ғана емес, компанияның құрылтайшыларын да тұтқындаған.

Өзгелердің жаңалығы