Бас жаңалықтар
Карантин. Жиғаныңды тойға шашпай тұра тұр
15 Шілде 2020, 22:15 912

Карантин. Жиғаныңды тойға шашпай тұра тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті карантин талаптарын бұзғандарға заң тарапынан жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. 

5 шілдеден бастап тиісті нормативтік-құқықтық акт, яғни ҚР ӘҚБтК 425-бабына сәйкес, бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған жеке тұлғаларға 83 340 мың теңге,  заңды тұлғаларға 600 мың теңгеден астам айыппұл салынады.

Халықты артық шығыннан сақтау мақсатында осындай ескерту сипатындағы хабарлармен барынша ақпараттандыруға тырысқанымызбен, ескертуді елемейтіндер де бар.

14 шілде күні Семей қаласында жасырын той өткізу фактісі анықталды. Рейд барысында Семей қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандарынан құралған мониторингтік топ пен Затон полиция бөлімінің қызметкерлері жеке үйлердің бірінде құдалық өткізіп жатқан 15 адамның мерекелік шарасына куә болды. Үй иесіне ҚР  ӘҚБтК 425-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 30 АЕК айыппұл салынды.

Соңғы күндері ғана қауіпті індеттің көрсеткіштері азая бастаған Семей қаласы үшін көпшілікті жинап, жасырын іс-шаралар өткізу қайтадан COVID-19 вирусының өршуіне әкеліп соғуы мүмкін.

Коронавирус, карантин, шектеу шаралары күнделікті тіршілікті, жоспарланған шараларды өзгерткені баршаға мәлім. Дегенмен, қауіпті індетті халық болып бір кісідей тәртіпке бағынып, қажетті шараларды орындаған кезде ғана COVID-19 вирусының алдын алып, құтыла аламыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...