Карантин ережесін бұзу тыйылмай тұр

30 Шілде 2020, 15:51
1831
Бөлісу:
Карантин ережесін бұзу тыйылмай тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтааралдық полицейлер 1000-ға жуық нысанды тексеріп, карантин талаптарын сақтамағандарды анықтады.

Мақтаарал АПБ-нің полиция қызметкерлері және басқа да мүдделі орган өкілдерінен тұратын мобильді топ карантиндік шараларды бақылап, басқа да құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында алдын алу және тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тәртіп сақшылары рейдтік іс-шаралар барысында 1000-ға жуық нысанды тексеріп, карантиндік режим талаптарының бұзылуын анықтады.

Мәселен, Мақтаарал  ауданы аумағында полицейлер бүгінгі күнге дейін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы” бойынша карантин талаптарын өрескел бұзған 124 адамды анықтап, әкімшілік хаттама толтырды. Осы жайттарға байланысты жинақталған іс-құжаттары тиісті шешім қабылдау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Түркістан облысы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді.

Одан бөлек, аудандық полицейлер тұрғындардың белгіленбеген орындарда суға түсуіне тыйым салып, қауіпсіздік шараларын ескертуде. Осы бағытта жүргізілген тексеру жұмыстары аясында ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы “Жалпы су пайдалану ережелерін бұзу” бойынша 431 жайт тіркеліп, оларға әкімшілік хаттама толтырылды.  Сондықтан облыс тұрғындары барынша түсіністік танытып,  тәртіпке бағынып, карантин режимін бұзбауға шақырамыз.

Өзгелердің жаңалығы