Бас жаңалықтар
Қарағандыда көпбалалы отбасыларға 27 пәтер кілті табысталды
29 Қараша 2020, 06:35 778

Қарағандыда көпбалалы отбасыларға 27 пәтер кілті табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда «Қазақмыс Холдинг» ЖШС бөлімшелерінің 27 көпбалалы қызметкеріне пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Тұрғын үй алғандардың көпшілігі ұзақ жылдар бойы жалдамалы пәтерлерде тұрып келгендер. Биылғы жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы үшжақты меморандум аясында компания 133 көпбалалы қызметкерлері жайлы тұрғын үй алды.

Акция Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларында өтті, ал қазіргі қоныс иелерінің географиясы бүкіл Қарағанды өңірін қамтиды.

Облыс орталығынан бөлек, пәтерлер мен коттедждер Теміртауда, Қарағайлы, Топар және Молодежный кенттерінде орналасқан.

Фото: дереккөз
Загрузка...