Қапшағай маңында жарылыс болды

19 Қыркүйек 2021, 02:18
1887
Бөлісу:
Қапшағай маңында жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қапшағай маңындағы жарылыс демалушыларды шошытты.

Куәгер Қапшағай су қоймасы маңында болған жарылысты видеоға түсіріп алған. Видео Kazachkov offsiade Telegram-арнасында жарияланды.

Бір жарылыс болды. Ол жақта әскери бөлімдер, оқ-дәрілер сақталған қоймалар жоқ па еді?, – дейді видео авторы.
Жарылысқа қатысты Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті түсінік берді.
2021 жылы 18 қыркүйекте Қапшағай қаласында қиыршық тас карьері аумағында жоспарлы жару жұмыстары жүргізілді, зардап шеккендер жоқ, – деп түсіндірді Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Еске салайық, тамыздың аяғында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шығып, салдарынан анықталмаған заттар жарылғаны хабрланған болатын. 17 адам қаза тапқан еді. 

Өзгелердің жаңалығы