"Каникулы off-line" отбасылық комедиясының тұсауы кесілді

20 Наурыз 2019, 22:30
1836
Бөлісу:
"Каникулы off-line" отбасылық комедиясының тұсауы кесілді

Астана, BAQ.KZ. Елордада "Каникулы off-line" отбасылық комедиясының жабық көрсетілімі өтті.

Отбасылық фильм өз ісін ашқысы келген үш студент дос туралы. Олар қалалық балалардың ұлттық салт-дәстүріміз туралы сусындап, білім ала алатын этно-лагерь ашқысы келеді. Мақсаттарына жетуі үшін оларға көптеген қиындықтарға мойымай, төзулеріне тура келді.

Фильмнің режиссері Руслан Акун. Картинаға Мейірғат Амангелдин, Бекзат Елеусізов, Еламан Есентаевпен қатар оннан астам бүлдіршін актерлар түсті. Ал, Алматы мен Жамбыл облыстарының әдемі жерлері картинаның көркін қыздырып тұр.

Жалпы, жабық көрсетілімге шақырылған қонақтар тарапынан "Каникулы off-line" картинасы идеясы жағынан жоғары бағаланды. Әрине, кемшін тұстары жоқ деп айта алмаймыз, алайда отбасымен бірігіп, барып көруге тұрарлық туынды екенін де жоққа шығара алмаймыз.

Айта кетейік, фильм 21 наурызда еліміздің барлық қаласында бір уақытта прокатқа шығады.

Өзгелердің жаңалығы