"Канелоның" кіммен жұдырықтасатыны анықталды

10 Қаңтар 2020, 21:09
58758
Бөлісу:
"Канелоның" кіммен жұдырықтасатыны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикалық боксшы Сауль Альварес пен британиялық Билли Джо Сондерс жекпе-жек өткізу туралы шешімге келді.

Boxing Kingdom басылымының мәліметінше, қос боксшы жекпе-жек өткізу туралы бір келісімге келген. Алдағы аптада Альварес - Сондерс жекпе-жегінің өтетіні туралы ресми хабарланады.

Канело Альварес – Билли Джо Сондерс. Жекпе-жек туралы келесі аптада ресми хабарлама жасалады. Боксшылар 168 фунт (суперорта) салмағында WBO белбеуі үшін жұдырықтасады. Жекпе-жек Лас-Вегас қаласныда өтеді, - деп жазды басылым.
Өзгелердің жаңалығы