"Канелоның" келесі айқасы қашан өтетіні ресми мәлімделді

2 Наурыз 2020, 09:43
1659
Бөлісу:
"Канелоның" келесі айқасы қашан өтетіні ресми мәлімделді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикалық Сауль Альварестің (53-1-2, 36 КО) жаттықтырушысы Эдди Рейносо боксшының келесі жекпе-жегі кіммен және қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

"Канелоның" қарсыласы – WBO нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы, британдық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО). Жекпе-жек мексикалық Синко де майо мерекесіне орай ұйымдастырылады. "Канело" өзінің келесі кездесуін 2 мамырда өткізеді. Біз Сондерспен айқасатын боламыз. Жекпе-жек Лас-Вегаста болады, - деп мәлімдеді Рейносо.

Айта кетейік, қыркүйек айында Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші рет жұдырықтасады деп күтілуде.


Өзгелердің жаңалығы