Промоутер "Канело" - Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

16 Қыркүйек 2019, 11:21
2608
Бөлісу:
Промоутер "Канело" - Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы DAZN жүргізушісі Крис Манникспен сұхбат кезінде Golden Boy Promotions компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя мәлімдеді. 

Vesti.kz-тің хабарлауынша, Қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек келесі жылы өтеді. 

"Головкин келесі жылғы қарсыластардың бірі болады. Басқаша болмайды! Әлбетте, адамдар бұл жекпе-жекті көргісі келеді. Бүкіл әлем тамашалағысы келеді. Головкин бұған лайықты", - дейді промоутер. 

Трилогия биыл күзде өтуі мүмкін еді, алайда, Альварес одан бас тартып, осыдан кейін рингке оралуын мүлде шегеріп тастады.

Өзгелердің жаңалығы