Бас жаңалықтар
Қандастардың мұң-мұқтажына бейжай қарамауымыз керек – Бақтиярұлы
27 Қазан 2020, 16:29 158

Қандастардың мұң-мұқтажына бейжай қарамауымыз керек – Бақтиярұлы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы «Отандастар қоры» жанындағы қоғамдық комиссиясы отырысында айтты. 

Екі жылдан астам уақыт бойы комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссия жылына кемінде 3 рет жиналады. Себебі «Отандастар қоры» құрылғалы бері қандастардың мәселесіне көп көңіл бөлініп жатыр. Оның ішіндегі елдегі қандастар, сырттағы қандастарға қатысты Диаспора туралы заң қабылдау туралы ниетіміз болған. Өкінішке қарай, ол іске аспай жатыр. Заң жобасы дайын. Материалдық жағынан пандемияға қатысты заң тоқтап тұр, - деді ол.

Депутат айтып өткендей, көрші жатқан Ресей бұрынғы Кеңес одағы елдеріндегі қандастарына қатысты көп жағдай жасады. 

Соңғы үш жылда Ресей өзінің қандастарына байланысты материалдық, моральдық жағдайына қатысты заңдар қабылдады. Тегін үйлермен қамтамасыз етуді жүзеге асырды, - деді ол.

Бақтиярұлы айтып өткендей, Қазақстан да қандастарына осындай жағдай жасап отыруы керек.  

Қандастардың мұң-мұқтажына бейжай қарамауымыз керек, - деді ол. 

Айта кетейік, комиссия отырысында Ақмола облысы «Нұрлы көш» (Красный Яр) ауылындағы қандастарға салынған үйлердің мәселесі, бос ауыл шаруашылық жарамды жерлерді қандастарға қолдануға беру, қандастарды үймен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.


Фото: автордан
Загрузка...