Бас жаңалықтар
Қаламгер Әнес Сарай өмірден өтті
02 Ақпан 2021, 20:47 321

Қаламгер Әнес Сарай өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әнес Сарай дүниеден өтті. Суық хабар туралы «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма басшысы, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желіде жазды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әнес Сарай Төлендіұлы 1937 жылдың 21 қарашасында Ресей Федерациясының Астрахань облысына қарасты Володар ауданының Құрмалай ауылында дүниеге келген. 

Жазушы тағдыр тәлкегімен қазақ топырағынан жырақта қалса да, тербеліп өскен тал бесігі Атырау өңірі. Теңіз жағасында қанат қатайтқандықтан ба, 1963 жылы жарық көрген «Дауылда» атты тырнақ алды әңгімесінен бастап «Еділ-Жайық» трилогиясына дейінгі барлық шығармалары теңіз тақырыбына арналып келді. Тіпті, жазушы қазақ әдебиетінде «теңіз жыршысы» атанып та кетті. 

«Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында редактор, Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарған. Ол Алаш козғалысына қатысты деректі материалдардың авторы, соңғы жылдары қазақ тарихының ақтаңдақ беттеріне қалам тартумен көзге түсті.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...