Бас жаңалықтар
Қабатов театрының атауы өзгерді
18 Желтоқсан 2020, 16:29 3990

Қабатов театрының атауы өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Nomad City Hall театрына «Халық Қаһарманы» Әзірбайжан Мәмбетовтің есімі берілді. 

Әзірбайжан Мәмбетов - Қазақстанның «Халық қаһарманы», КСРО халық артисі, КСРО және Қазақ ССР-інің мемлекеттік сыйлығының иегері. Атақты режиссер 1986 жылы Желтоқ­сан оқиғасына қатысып, басынан жарақат алған. Сол соққы үлкен дертке ай­на­лып, 2009 жылы 18 қарашада дүниеден өтті. Ол сахналаған «Қан мен тер», «Ана - Жер Ана», «Көктөбедегі кездесу», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Адас­қан құс», «Абай», «Қобы­лан­ды» сияқты спектакльдері көпшіліктің сүйіспеншілігіне ие болған.

Айта кетейік, «Nomad City Hall» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылдың 1 қарашасында ресми түрде ашылған. Құрамына "Астана" комедия театры, "Назар аудар" театры, "Әзіл әлемі" театры кіретін «Nomad City Hall» МКҚК-нің директоры әрі көркемдік жетекшісі – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов.

Бүгін театрда режиссер Нұрлан Жұманиязовтың «Жас Абай» спектаклінің премьерасы болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...