Күздің алғашқы күндерінде ауа райы қандай болмақ?

1 Қыркүйек 2020, 10:43
2703
Бөлісу:
Күздің алғашқы күндерінде ауа райы қандай болмақ?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМҚ алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Күздің алғашқы күндерінде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, температуралық фон 23...36 жылы шамасында.

Аптаның ортасында республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Найзағаймен жауын-шашын екпінді желмен бірге жүреді, бұршақ түсуі және ауа температурасы төмендеуі мүмкін, елдің солтүстік жартысында 17...28 жылы болады.

Өзгелердің жаңалығы