Кәсіпкерлер Алматыдағы дәрігерлерге жеке қорғаныш құралын табыстады

26 Маусым 2020, 10:56
8273
Бөлісу:
Кәсіпкерлер Алматыдағы дәрігерлерге жеке қорғаныш құралын табыстады

Алматы, BAQ.KZ. "АЯЛА" қайырымдылық қоры Алматының қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына "Байер" компаниясының қолдауымен сатып алынған жеке қорғану құралдарының 1162 жиынтығын табыс етті. 

Жеке қорғану құралдары осы ауруханадағы коронавирус инфекциямен ауырғандарды емдеп жатқан медицина қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін беріліп отыр.  

 Алматыдағы И.С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының (ҚКЖА) филиалы – қаладағы коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге маманданған басты орталықтарының бірі. Ол биыл көктемде Алматыда тұрғызылған жаңа модульдік корпуста орналасқан және 280 төсекке есептелген. Оның құрамына тоғыз клиникалық бөлімше, 28 төсекке жансақтау бөлімшесі, далаға шығатын бөлек есігі бар бір орындық он палата, динамикалық бақылаудың бір орындық бес палатасы бар қабылдау бөлімшесі кіреді.

"Байер" компаниясы COVID-19 вирусымен күресуге бағытталған қайырымдылық бастамасының аясында Қазақстандағы медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету үшін "АЯЛА" қайырымдылық қорына қаражат жинады. Мәселен, Алматының қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалына ЖҚҚ-ның толық 1 162 жиынтығы берілді. Әрбір жиынтық обаға қарсы костюм, бахил, қолғаптар, респиратор мен көзілдіріктен тұрады. Ол бір рет пайдалануға арналған және короновирус жұқтырған науқаспен байланыста болған кезде дәрігерлер мен медицина персоналын ең жоғары қорғаныспен қамтамасыз етеді. 

COVID-19 вирусымен күрес – бүкіл денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сын-тегеурін. "Bayer" әлеуметтік жауапты компания ретінде бұдан тыс қала алмайды: біз медицина қызметкерлерінің ауыр еңбегіне өз тарапымыздан қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тырысамыз. Мұндай қайырымдылық бастамалары – біз үшін оларға өз ризашылығымызды білдірудің және қамқорлық көрсетудің тәсілі, - дейді "Байер КАЗ" ЖШС бас директоры Роб Фермелен. 

"АЯЛА" қорының президенті Айдан Сүлейменова қазір Алматыда COVID-19 жұқтыру жағдайлары қайта ұлғайғандықтан дәрігерлерді қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету өзекті болып отырғанын айтады.

И. С. Жекенова атындағы ҚКЖА филиалының штатында 75 дәрігер, 100 мейірбике, сондай-ақ, кіші медицина персоналы еңбек етеді. Олар ковидке қарсы терапиядан өтіп жатқан жүздеген емделушімен күн сайын байланыста болады. Жеке қорғаныс құралымен қамтамасыз ету олардың өздерінің барынша қорғалғанын сезінуіне және емделушілерге алаңсыз әрі сенімді көмек көрсетуіне мүмкіндік береді, - дейді ол.
Өзгелердің жаңалығы