Бас жаңалықтар
Кәсіп ашуға грант. Шымкенттік кәсіпкер қыз қантсыз шоколад жасайды
PHOTO
31 Мамыр 2020, 14:50 298

Кәсіп ашуға грант. Шымкенттік кәсіпкер қыз қантсыз шоколад жасайды

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасының жобаларына қатысып, қайтарымсыз грант жеңіп алып, ерекше, сирек кездесер кәсіп ашқан жастар баршылық. Соның бірі – Жансая Ержанова. Ол қантсыз, яғни құрамында қанты жоқ, денсаулыққа пайдалы шоколад жасап, сатады. 27 жастағы Жансаямен кездесіп, бұл кәсіп идеясы қалай туындағанын, кәсіп қалай бастағанын білдік.

 

 

Кәсіп таңдау үшін 100 адамға сауалнама өткіздім

 

Жансая Ержанованың әкесі – жолсерік, анасы – бухгалтер екен. Қазір желілік маркетинг саласында қызмет етеді. Жансаяның өзі Шымкенттегі және шетелдегі жоғары оқу орнын тәмамдаған.

шок10.jpg

 

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде филология мамандығы бойынша білім алдым. Содан кейін Молдовия астанасы Кишенов қаласында "Басқару және бизнес" мамандығына оқыдым. Қазір Аустриядағы университетте магистратура оқимын. Шоколад жасау кәсібін ашуды бала күнімнен армандадым. Шетелде оқып жүргенімде елге оралған соң, қазақстандықтардың денсаулығына пайдалы өнім шығаруды армандайтынмын. "Осы арманыма жету үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын" деп өзіме уәде бердім. Осы кәсіпті бастар алдын нарықты зерттеп 100 отандасымыздан сұрақ-жауап сауалнамасын өткіздім. Сауалнама шешімі бойынша көптеген қажетті ақпарат білдім. Соның бірі - осы қантсыз шоколад жасаумен айналысатын кәсіпорындар тізімі. Шымкентте 100 пайыз шоколод өнімін ұсынатын кәсіпкерлер жоқ екен. Сондықтан осы саланы дамытуға шешім қабылдадым,-дейді Жансая Ержанова.

 шок1.jpg

 

4 адамды жұмыспен қамтып отырмыз

 шоколадтар (2).jpg

Ол 2019 жылы үкімет тарапынан "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекет бағдарламасынан кәсіпкерлерге қолдау көрсететін байқауға қатысады.

Сол конкурсқа қатысып, қайтарамсыз қаржылай грант жеңіп алдық. Барлық қаржыны шоколад жасайтын құрал-жабдыққа жұмсалды. Қазіргі таңда 4 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Төтенше жағдай кезінде қонақтарымыз бен қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі үшін жұмысымызды уақытша тоқтаттық. Сол уақыт ішінде шоколад кондитерлігімізде жаңа рецептер пайда болды. Біздің қонақтарымыз – денсаулықтары мен мүсінін сақтайтын және шоколад өнімдерін сүйіп жақсы көретін кез келген жастағы тұтынушылар,-дейді Жансая. 

шок2.jpg

 

Қантсыз шоколадты өзіміз жасаймыз

 

Жансаяның кондитерлігі ұсынатын шоколадтардың құрамының 60%-ын қантсыз шоколад құрайды. Қалғаны басқа қоспалардан тұрады.

 шок3.jpg

Қантсыз шоколадты өзіміз жасаймыз. Қалған 40 пайызы белгиялық табиғи жеміс шырыны қосылған шоколад қолданамыз. Көбі қантсыз шоколад десек, ащы шоколадты елестетеді. Бірақ біздің шоколадтарымыз өте дәмді. Қант орнына табиғи өсімдіктерден алған шырындар қосамыз. Әрбір шоколадқа какао ұнтағы да қосылады. Какао ұнтағының пайдалы жақтарына келсек, суперфуд деп есептеледі. Супер фуд дегеніміз – супер тағам. Антиоксиданттарға өте бай. Антиоксиданттар ағзадағы бос радикалдарды залалсыздандырады. Қарапайым тілмен айтқанда, ағзаны зақымданудан қорғайды. Жүрек-қантамыр жұмысын, холестерин деңгейін жақсартады. Какао ұнтағы табиғи антидепрессант боп есептеледі. Біздің қолданатан ингредиенттердің көбі иммунитет көтереді. Иммунитеті жоғары адам кез келген ауруды жеңіп шығатынын білесіздер,-дейді Жансая Ержанова.
шок4.jpg

Жансаяның сөзінше, Шымкентте шоколад жасау кәсібіне баулитын кәсіби оқу орындары болмағандықтан, кәсіпкерлікті шетелде оқыпты.

Шымкент қаласында шоколад жасау мамандығына үйрететін оқу орны жоқ. Өзім Украинаның Одесса қаласында шоколад курсында оқыдым. Сол жақтағы оқып-үйренген барлық технология процессін, рецептілер мен ереже-талаптарын қызметшілерімізге үйретіп, мамандандырамыз,-дейді Жансая Ержанова.

 шок9.jpg

 

Кәсіп бастамас бұрын, үш сұраққа іштей жауап беріңіз

 

Адам кәсіп бастап, өз алдына бөлек бизнес ашқысы келсе не істеуі керек? Тап осы сұрақ көбімізді мазаласа керек. Жансая Ержанованың бұл сұраққа да жауабы дайын.

шок5.jpg

Кәсіп бастағысы келетін адам бойында жанып тұрған арман мен сенім керек. Ал арман мен сенім іс-әрекетке алып барады. Іс-әрекет кәсібіңізді ашып, арманыңыздың орындалуына жол ашады. Ешкім кәсіпкер болып тумайды. Егер сіз жаныңызға жайлы кәсіп ашу жолын іздеп жүрген болсаңыз, мына бір үш сұраққа жауап беріңіз. Бірінші: Қандай іспен айналысқан сізге өте қатты ұнайды? Екінші: Сол салада аптасына жеті күн бойы демалыссыз еңбектенгіңіз келе ме? Үшінші: Сол салада аптасына жеті күн бойы тегін еңбек ета аласыз ба? Міне, осы үш сауалға "Иә" деп жауап бере алсаңыз, егжей-тегжейлі жоспарлау, қаржылық сауаттылық және бизнес оптимизация қабілеттеріңізді дамытсаңыз, сол кезде ғана сізден керемет кәсіпкер шығатынына кәміл сенемін,-дейді қантсыз шоколад жасайтын Жансая.
шок6.jpg

шок7.jpg



Фото: автордан
Загрузка...