Көлгінов құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлерді аралады

11 Қыркүйек 2019, 11:52
1565
Бөлісу:
Көлгінов құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлерді аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов "Баспана-Көктал" ТК тұрғындарымен кездесті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Үй төрт жыл бұрын проблемалық деп танылды. Өз пәтерлерін 500-ден астам адам күтуде. Әкім нысанға соңғы келген сәттен бері обьект құрылысы бекітіліп, үй сараптамадан өтті. Құрылыс салушының сөзі бойынша, үйді әрлеу бойынша ішкі жұмыстар көктемде басталады. Сонымен қатар инженерлік желілер жүргізіледі. 

Қала әкімі Алтай Көлгінов ТК құрылысының барысы үнемі қадағалауда болатынын атап өтті.

"Ең бастысы, мердігер анықталды. Мемлекет ақша бөлді. ТК құрылысын "Елорда құрылыс компаниясы қатысуымен "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында аяқтайтын боламыз. Суық түскенге дейін бірінші кезекте үйдің шатыры бойынша жұмыстарды аяқтау керек. Қолдарыңызда үйді электр энергиясына, сумен жабдықтауға және су бұруға қосу құжаттары, сондай-ақ аумақты абаттандыру жобасы болуы тиіс", - деді Алтай Көлгінов.

Қалада барлығы 51 аяқталмаған объект, 76 үй бар. Жыл соңына дейін 10 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі.
Өзгелердің жаңалығы